Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қайрат Нұртаев Қызылқоға ауданының әкімін таныстырды

Бүгін облыс әкімінің міндетін атқарушы Қайрат Нұртаев 5 қарашада өткен аудан әкімінің пилоттық сайлауы нәтижесінде халық сайлаған Қызылқоға ауданының әкімі Қанат Әзмұхановты аудан активіне таныстырды.

Аудандық сайлау комиссиясының төрағасы Мақсот Мұқанов сайлау қорытындысын жариялап, аудан әкіміне тиісті куәлік табыс етті.

Қанат Әзмұханов Атырау қаласында дүниеге келген. Орталық Азия университетін «Құқықтану» мамандығы бойынша, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін «Қаржыгер» мамандығы бойынша бітірген. Ресей Федерациясының Астрахан мемлекеттік университеті – құқықтану магистрі, Орталық Богемиялық қолданбалы ғылымдар және менеджмент институты – іскерлік әкімшілік жүргізу докторы. Еңбек өтілі: «Жүзе» ЖШС заң кеңесшісінің көмекшісі, заңгер; «КаспианПроджектСервисез» ЖШС директорының орынбасары, директоры, «RegionTransCom» ЖШС бас директоры;

Атырау облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының қоғамдық-саяси жұмыс бөлімінің консультанты, ұйымдастыру-партиялық жұмыс бөлімінің меңгерушісі (2010 ж. – 2012 ж.);

«KazTransOil-Logistik» ЖШС директоры (06.2012 ж. – 10.2013 ж.); «Nur Otan» партиясының қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары (10.2013 - 03.2016 ж.);

Атырау қаласы мәслихатының хатшысы (04.2016 ж. – 10.2018 ж.);

«Region Trans Com» ЖШС кадрлар жөніндегі директоры (10.2018 ж. – 2020 ж.);

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Әлеуметтік әріптестік департаментінің директоры (2020 ж. – 08.2020 ж.).

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасының басшысы (2020 ж. - 2022ж.) 2022 жылдың 21 тамызынан 2023 жылдың тамызына дейін Қызылқоға ауданының әкімі қызметін атқарды.

Қызылқоға ауданында 30 390 адам тұрады. Биыл бұл ауданда ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 14 млрд 590 млн 7 мың теңгені құрап, жалпы өнім индексі 101,5%-ды құрады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT