Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖАУАПКЕРШІЛІКТІ АРТТЫРАДЫ

 Жақында конституциялық реформа жөніндегі комиссия жаңа Конституцияның жобасын жариялады.

Ұсынылған құжат кіріспеден, 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Комиссия жоба қолданыстағы негізгі заңды айтарлықтай жаңартуды көздейді және мазмұны жағынан жаңа Конституция қабылдауға тең екендігімен түсіндірді. Конституцияны өзгерту – қоғам дамуының заңды талабы. Уақыт өткен сайын елдің саяси, әлеуметтік және экономикалық өмірінде жаңа қатынастар қалыптасады. Осыған байланысты Конституцияға енгізілетін өзгерістер халықтың дауысын ескеріп, әділдік пен жауапкершілікті арттыра түседі. Жобаның преамбуласында адам құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің негізгі басымдығы ретінде белгіленген. Сондай-ақ бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мемлекеттілігінің негізі ретінде айқындалады. Егемендік, тәуелсіздік, аумақтық тұтастық өзгермейтін құндылықтар қатарына енгізілген. Әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа ұқыпты қарау қағидаттары алғаш рет Конституция деңгейінде бекітілмек. Мемлекеттік биліктің бірден-бір бастауы әрі егемендіктің иесі – Қазақстан халқы екені нақты тұжырымдалады. Олай болса, жаңа Конституция ел дамуының келесі кезеңіне қадам басумен пара-пар.

Айнұр СЕНҒАЛИ,

аудандық соттың бас маманы, сот отырысының хатшысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT