Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Елбасы Жолдауын тыңдады

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Халқына арналған дәстүрлі Жолдауын жолдады.

Соған сай аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан әкіміның орынбасары Жәнібек Тұрдағалиев, аудандық мәслихат хатшысы Толқын Бейсқали және бөлім, мекеме басшылары, мәслихат депуттатары жиналып, аталмыш Жолдауды тікелей эфирде тамашалады. «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Жолдауда ел халқының әлеуметтік жағдайын көтеру, білім, медицина, құқық қорғау салаларын одан әрі жандандыру, жастар саясатына көңіл бөлу сынды аса маңызды мәселелер айтылды. Жолдауға қолдау білдірген аудан активі алдағы уақытта Елбасы айтқан бірқатар мәселелер бойынша аудан көлемінде де ауқымды жұмыстар жасалатынын жеткізді. Осылайша, облыс орталығынан шалғайда жатса да дамудың жарқын үлгісін көрсетіп келе жатқан қызылқоғалықтар аталмыш Жолдауды жылы қабылдап, келешегіміздің келісті боларына сенім білдіруде.

Дулат БЕРІКҰЛЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT