Қызылқоға ауданының дамуына үлес қосқан азамат Төкен ІЗҒҰЛОВТЫ еске алуға арналған қазақ күресінен ерексектер арасындағы Батыс аймақтық турнирі басталуда.
Турнирді айтыскер ақын Қайнар Алагөзов арнау жырымен ашып, артынша аудан әкімі Арман Баженов құттықтау сөз сөйлеп, ұйымдастырушы Ізғұловтар әулетіне Алғыс xат табыс етті. Жарысқа Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау облыстарынан палуандар қатысады. Жарыс 66 және 100 келі салмақ дәрежесінде өтуде.
Жарыстың бас бәйгесіне қос бірдей "Гранта" автокөлігі тігілді. Біздің ауданнан Асxат Тельманов, Наурызбек Майлашев, Сұңғат Закарияев сынды палуандар қатысады.
Жарыс қонақтары айтыскер ақындар Шалқарбай Ізбасаров, Қайнар Алагөзов, Нұрлыбек Мамай, әнші, композитор Құрал Молжанов және "Сармад" этно-фольклорлық ансамблі.
Дулат Ғұбайдуллин.