Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қауіпсіздік шараларын естен шығармайық!

Желтоқсан айындағы мереке күндері білім беру мекемелерінен бастап барлық ұйымдарда әртүрлі іс-шаралар өткізіледі.

Осы тұста, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесінің маңыздылығы арта түсіп, мерекелік іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу кезінде өрт қауіпсіздігін қатаң сақтағанда ғана зақым, жарақат алудың алдын алып, мерекені қауіпсіз өткізуге септігін тигізеді. Іс-шаралар басталмас бұрын мекеменің жауапты лауазымдық тұлғасы барлық бөлмелердің, көшіру жолдары мен шығу есіктерінің өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін мұқият тексеріп, алғашқы өрт сөндіру құралдарының, байланыс және өрт автоматикаларының жарамдылығына көз жеткізу қажет. Анықталған барлық кемшіліктер мәдени көпшілік іс-шаралар басталғанға дейін қалыпқа келтірілуі тиіс. Іс-шара кезінде сахнада және залдарда мекеме қызметкерлері есебінен кезекшілік ұйымдастырылуы керек. Сондай-ақ, балалардың қатысуымен өткізілетін мәдени көпшілік іс-шаралар өткізу кезінде кезекші мұғалімдер сынып жетекшілер немесе тәрбиешілер балаларды назардан тыс қалдырмаулары тиіс. Олар өрт қауіпсіздігі шаралары мен өрт кезінде балаларды қауіпсіз жерге көшіру тәртібі жөнінде нұсқамалардан өтулері және өрт қауіпсіздігі талаптарын қатаң сақтаулары қажет.

Эвакуациялық шығулар жасыл фонда ақ түспен «Шығу» деген жазуы бар, ғимараттың жарықтандыру желісіне қосылған жарықтық нұсқағыштармен белгіленуі қажет. Өрт туындаған кезде мекеме қызметкерлерінің іс-әрекеттері бірінші кезекте ғимараттағы адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, оларды көшіруге, құтқаруға бағытталуы тиіс. Өрт немесе оның белгілері байқалған жағдайда мекеме қызметкері 101 телефонына мекеменің нақты мекенжайы, өрт шыққан орынды, өзінің лауазымы мен аты-жөні толықтай айтылғаны жөн.

Сонымен қатар, мереке күндері пиротехникалық бұйымдардан жарақаттану, өрт туындау фактілерін болдырмау мақсатында заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық заттарды сақтау, қолдану, сатып алу, тасымалдау және әкеліп сату ережесін сақтауын тексеру бойынша рейдтік іс-шаралар жүргізіледі.

Пиротехникалық заттар мен бұйымдарды заңсыз сату деректері анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 196-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынады. Ал, пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп және пиротехникалық бұйымдарды заңсыз қолдану анықталған жағдайда Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодексінің 436-бабымен жауапкершілікке тартылып, жинақталған құжаттар әкімшілік сотпен қаралып, заңды шара қолданылады. Мерекелік іс-шаралар өз мәнінде жақсы өтсін десек осы қауіпсіздік шараларын ұмытпаған абзал.

Марат КҮЗЕМБАЕВ,

аудандық Төтенше жағдайлар бөлімі бастығының міндетін атқарушы,

азаматтық қорғау подполковнигі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT