Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АЛТЫ ЖАҢА КӨЛІК ТАБЫСТАЛДЫ

Атырау облысы әкімдігінің қолдауымен, облыстық денсаулық сақтау басқармасы арқылы аудандық аурухана, Қызылқоға, Тайсойған, Сағыз, Мұқыр дәрігерлік амбулаторияларына «ГАЗель соболь» автоколігі, орталық кітапханаға "Jas Sunrayсу" су жаңа  автокөлігінің кілтін салтанатты түрде табысталды.

Автокөлік кілттерін табыс ету салтанатты шарасына аудан әкімі Қ.Әзмұханов, мекеме,бөлім басшылары,аурухана қызметкерлері, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысты.

Шарада алдымен сөз сөйлеген аудан әкімі Қанат Әзмұханов:

- Құрметті медицина саласының қызметкерлері және аудан тұрғындары. Барлықтарыңызға аудан әкімі сайлауында қолдау білдіріп, сенім артқандарыңызға көптен-көп рахмет айтамыз. Бүгінгі күн - сіздер үшін қуанышты күн. Тұрғындарға сапалы әрі жедел қызмет ету жолында техниканың да озық болғаны абзал. Табысталғалы тұрған жедел жәрдем көлігі аудан халқы үшін жедел және шұғыл медициналық көмекті уақтылы көрсетуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, оқырмандармен тығыз байланыста болуы үшін аудандық орталық кітапханаға да автокөлік табыстаймыз, - деді.

Науқастар тасымалдауға арналған көліктің ішінде жататын орын және науқасқа алғашқы медициналық көмек көрсетуге арналған қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521