Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

АУДАНДА ЕҢБЕККЕРЛЕР ҰЛЫҚТАЛДЫ

 «Арман» мәдениет үйінде ауыл  шаруашылығы, тамақ және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті. Бұл мерекеде жерде еңбек ететін, мал шаруашылығымен айналысатын, азық-түлік өнеркәсібінде жұмыс жасайтын, еліміздің және өңіріміздің азық-түліктік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандар бас қосты. 

Мерекелік салтанатты жиынға аудан әкімі Қанат Әзмұханов қатысып, ауданның дамуына үлес қосып келе жатқан шаруашылық жетекшілері мен ауыл еңбеккерлерін марапаттады.. 
Атаулы мереке қарсаңында Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің салалық кәсіптік одағының 2023 3 қарашадағы №27/11 жылғы атқару комитетінің қаулысымен «Елеулі еңбегі үшін» мерекелік медалімен "Ақшелек" шаруа қожалығының төрағасы  Серік Құлшықов  марапатталса, облыстық мәслихат төрағасының Алғыс хатымен  Е.Ғазезов («Мұхаммед Әлі» шаруа қожалығының төрағасы), Мұрат Панағожин («Арай» шаруа қожалығының төрағасы),  Айжан Ақсеренова («Орынбасар» шаруа қожалығының төрайымы),  Жанабай Қалиевтер (Қызылқоға ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі) мадақталды. Сондай-ақ, бір топ шаруагер үздіктер қатарынан көрінді. 
Шара соңы мерекелік концертке ұласты. 

ОЛАР ҮЗДІКТЕР 

«Үздік өнім өндіруші»  – Тұрлан Бекешов, жылыжай өнімін өндіруші;
«Үздік жәрмеңке ұйымдастырушы» –  Мұқыр ауылдық округ әкімі аппараты;
«Үздік әлеуметтік дүкен» – Гүлназ  Айтбаева Көздіғара ауылдық округі;
«Үздік мал дәрігері» – Бауыржан Әбділдиев, Миялы ауылдық округінің ветеринариялық пункт меңгерушісі;
«Үздік механизатор» – Райымберді Жұмиев, «Атырау» шаруа қожалығының механизаторы;
«Үздік мал азығын дайындаушы» – Ыбырай Уакитов, «Балкенже-Данияр» шаруа қожалығының төрағасы;
«Үздік мүйізді ірі қара шаруашылығы» – Сағызбек Тастеміров «Жұлдыз» шаруа қожалығының мүшесі;
«Үздік қой шаруашылығы» – Үсен Табылдиев, «Ақмоншақ» шаруа қожалығының төрағасы;
«Үздік жылқы шаруашылығы» – Ғибат Шукатиров, «Шукатиров» шаруа қожалығы;
«Үздік шаруа қожалығы» – Асхат Үбіғалиев, «Ақ таң» шаруа қожалығының төрағасы.

Аудан әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталғандар:
Қуандық Сатауов – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің аудандық аумақтық инспекциясының бас маманы;
Тамара Бокебаева – аудандық ветеринариялық зертхана лобаранты;
Амангелді Қазмағанбетов – өзін-өзі қамтушы:
Амандық Ихсанов – бай-бақша егуші;
Жандарбек Жұмабаев – Ойыл ауылдық округінің ветеринариялық пунктінің мал дәрігері;
Жанат Қанатбаев – «Ақерке» шаруа қожалығының төрағасы Көздіғара ауылдық округі;
Алмагүл Құрманғазиева – жеке кәсіпкер;
Еркін Ахметов – «Нұрберген» шаруа қожалығының төрағасы;
Нұралы Құлқайыр – «Құлмәлі» шаруа қожалығының төрағасы;
Қауқанбай Тнеев – «Сағыз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің аға шопаны;
Гүлдері Алауова – жеке кәсіпкер;
Асхат Арыстанов – «Қасым» шаруа қожалығының төрағасы.

Кәмшат ӘБІШ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521