Таяуда Атырау қаласында 2012 жылы туған кіші жасөспірімдер арасында бокстан облыстық чемпионат өтті.
Бұл додаға Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің шәкірттері де қатысып, нәтижелі өнер көрсетті. Атап айтқанда, Сұлтан Ғайса мен Қайсар Жүсіп өз салмақтарында күміс жүлдеге ие болып, Батыс аймақтық чемпионатқа жолдама алса, Ибраһим Зейнеден мен Радик Рашидұлы үшінші орынға қол жеткізді. Ауданда бокс спорты енді-енді қанатын жайып келе жатқандығын ескерсек облыс чемпионатынан алған 2 күміс пен 2 қола жүлде жаман нәтиже емес. Осы орайда, былғар қолғап шеберлерінің осындай нәтижеге қол жеткізуіне үлес қосқан жаттықтырушылар Мейіржан Сабыров пен Нұрсұлтан Салиховтың еңбектері зор.
Дулат ҒҰБАЙДУЛЛИН



