Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ЖЕРЛЕСТЕРДІҢ ЖАРҚЫН ЖЕҢІСІ

Таяуда Ақтөбе қаласында алыш күресінен қоғам қайраткері, профессор Марат Оспановты еске алуға арналған халықаралық турнир өтті.

Оған Ресей, Қытай, Үндістан, Қырғызстан, Өзбекстан мемлекеттерімен бірге, еліміздің 10 облысынан 150 балуан қатысып, өзара кім мықтыны анықтады. Бұл сында облыс намысын қорғаған жерлес балуандар аудан абыройын асқақтатып қайтты. Жарыстың алғашқы күні алыш күресінің классикалық стилі бойынша 90 келі салмақта белдескен жерлестер Аманбек Аруов пен Бекбол Мұқашов өте нәтижелі өнер көрсетіп, финалға дейін қарсылас шақ келтірмеді. Аманбек алғашқы белдесулерінде Үндістан, Қырғызстан елінің балуанын ұтса, Бекбол Өзбекстан, Қырғызстан елінің балуандарынан басым түсті.

Сөйтіп қос ауылдастың жолы ақтық сында түйісіп, нәтижесінде Аманбек командалас інісінен айласын асырып кетті. Осылайша, бір салмақтың қос жүлдесіне ие болған жерлестер мықтылықтарын айқын аңғартты. Турнирдің екінші күні балуандар алыш күресінің еркін стилі бойынша сынға түсті. Бұл жолы да 90 келі салмақта белдескен Бекбол Мұқашов алдымен Ресей, Қырғызстан және финалда Өзбестан елінің балуандарынан басым түсіп, жарыс жеңімпазы атанды. Сөйтіп, халықаралық турнирде Қызылқоға балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің қос түлегі аудан күресінің айбынын асырып, мерейлері үстем болды. Ендеше, бәсі биік бәсекеде бабы мен бағы жанған қос жерлеске «Жеңісті жол жалғаса берсін» деген тілек білдіреміз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT