Президент Жолдауы елдің даму бағытын айқындайтын маңызды саяси құжатқа айналды.
Жолдау аясында әлеуметтік-экономикалық мәселелермен қатар, заманауи технологияларды енгізу және ауыл шаруашылығын жаңа деңгейге шығару негізгі басымдық ретінде белгіленді. Президент атап өткендей, жасанды интеллект пен цифрландыру тиімділікті арттырып қана қоймай, ресурстарды үнемдеуге, өнім сапасын жақсартуға және халықаралық нарықтағы бәсекеге қабілеттілікті күшейтуге жол ашады. Жасанды интеллект, цифрландыру, ауыл шаруашылығы – бәрі еліміздің болашағы үшін үлкен мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін. Ауыл шаруашылығы мен цифрлық технологиялардың тоғысуы сала мамандары үшін тың тақырып. Еліміз аграрлық ел ретінде ішкі нарықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз етіп қана қоймай, әлемдік экспортта да бәсекеге қабілетті болуға тиіс. Ауыл шаруашылығы саласында жасанды интеллект пен цифрлық технологияларды енгізу басты міндеттердің бірі. Бұл бағыт агроөнеркәсіп кешенінің тиімділігін арттыруға және ауыл аймақтарының дамуына жаңа серпін береді.
Құрманбек ЖАҢАБАЕВ,
«Құрман» шаруа қожалығының төрағасы



