Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Қазақстан инвестицияларды тартудың проактивті моделіне көшуде

Қазақстан 2024 жылмен салыстырғанда бір позицияға көтеріліп, IMD әлемдік инвестициялық бәсекеге қабілеттілік рейтингінде 69 елдің ішінде 34-ші орынға ие болды. Бұл туралы Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Арнайы инвестициялық кеңес отырысында мәлімдеді.

Moody’s, Standard & Poor's және Fitch халықаралық рейтинг агенттіктері инвестициялық сенімділік деңгейінде Қазақстанның тәуелсіз рейтингін тұрақты түрде растайды. IMD рейтингінде еліміз Жапония, Кувейт және Португалия елдерінен көш ілгері тұр. 

Бұл ретте, Серік Жұманғарин атап өткендей, геосаяси факторларға байланысты инвестициялық белсенділіктің жаһандық төмендеуі жағдайында Қазақстан инвестициялық тартымдылықты сақтау жөніндегі саясатты дәйекті түрде жүзеге асыруда.

Бүгінде елімізде инвестициялар тартудың үш деңгейлі жүйесі: сыртқы (шетелдік мекемелер), орталық (ОМО) және аймақтық деңгейлер (ЖАО) жұмыс істейді. Fast Track («жасыл дәліз») және «прокурорлық сүзгі» тетіктері енгізілді, өңірлік инвестициялық штабтар жұмыс істеуде, «Күрделі мәселелер мен инвесторлардың шағымдарының бірыңғай тізілімі» қалыптастырылуда. 2025 жылы 30 инвестициялық келісім жасалды.

Бизнесті қолдау шараларын кеңейту жұмыстары жалғасуда: «Өрлеу» және «Іскер аймақ» жеңілдікпен қаржыландыру бағдарламалары іске қосылды, АӨК үшін салықтық жеңілдіктер мен субсидиялар қолданылады, «Даму» қорының кепілдік құралдары енгізілді. 

Инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту үшін Инвестициялық саясаттың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы өзектендірілді. Негізгі бастамалардың қатарында шетелдік инвестициялық өкілдіктер құру, Kazakhstan Investment House инвесторларын қолдау мен оларға қызмет көрсетудің бірыңғай ақпараттық орталығын іске қосу, инвесторлар құқықтарын қорғауды күшейту және қосылған құны жоғары жобаларға назар аудару мәселелері бар.

Мемлекет экономиканың тұрақты және ұзақмерзімді өсуін қамтамасыз ете отырып, терең өңдеу және шикізаттық емес экспорт кластерлерін дамытуға баса назар аударуда.

Бұдан бөлек, ҚР Сыртқы істер министрлігі «Kazakh Invest» ұлттық компаниясымен бірлесіп, шетелдік инвестициялар тарту бойынша жұмысты жүйелі негізде күшейтуде.

Қазақстан шикізатқа тәуелділікке негізделген «пассивті» модельден инвестициялық процестің барлық кезеңін – инвесторларды нысаналы түрде тартудан бастап оларды «жүзеге асқанға дейін» және инвестициядан кейінгі сүйемелдеуді бірыңғай үйлестіре отырып, проактивті модельге дәйекті түрде көшеді. Бұл формат үздік халықаралық тәжірибелерге сәйкес келеді және қазірдің өзінде нәтиже беруде: елімізге миллиардтаған долларға ірі жобалар тартылды.

Жаңа тәсіл шеңберінде басым салалық бағыттар айқындалды, «Kazakh Invest» ҰК-мен шетелдік өкілдіктер желісі кеңейтілуде, task force мамандандырылған жұмыс топтары және инвестициялық жобалар мониторингінің цифрлық құралдары енгізілуде. Бұл шараларды жүзеге асыру инвестициялық саясаттың ашықтығын арттыруға және Қазақстанның жаһандық инвестициялық ортадағы ұстанымын нығайтуға бағытталған.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT