Кездесуді Құрманғазы аудандық жастар ресурстық орталығының маманы Иргазиева Дархан Мұратқызы өткізді.
Шараға арнайы қатысқан қонақтар: – Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының басшысы Батуов Нұртілек Нұрбекұлы – Құрманғазы аудандық полиция бөлімінің криминалдық полиция бөлімінің аға жедел уәкілі, полиция лейтенанты Елтайев Рахтан Жеткеншекович – Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының заңгері Бақтығұл Ақниет Саламатұлы – Құрманғазы аудандық Жастар ресурстық орталығының маманы Ахдуйсеев Ризабек Темирбекович Шараның басты мақсаты – студенттерге темекі, алкоголь және есірткі өнімдерінің адам өміріне, денсаулығына және қоғамға тигізетін зиянын, сондай-ақ олардың құқықтық салдарын түсіндіру. Осындай кездесулер жастардың құқықтық сауаттылығын арттырып, салауатты өмір салтын қалыптастыруға үлкен үлес қосады.



