Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Индустриалды-технологиялық факультетінің ұйымдастыруымен студенттердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Менің құқығым мен міндеттерім» тақырыбында танымдық іс-шара өткізілді

Іс-шара квест форматында ұйымдастырылып, сайыс түрінде өткізілді.

Сайысқа бірнеше команда қатысып, белсенділік пен ұйымшылдықтың жоғары деңгейін көрсетті, сайыс төрт кезеңнен құралып, әр кезеңде қатысушылардың теориялық білімі, логикалық ойлау қабілеті және тапқырлығы бағаланды, ал қорытынды кезеңде студенттер университеттің ішкі ережелері мен қолданыстағы заңнамалар аясында өз ұсыныстарын әзірлеп, оларды қорғау арқылы құқықтық сауаттылықтары мен сыни ойлау дағдыларын дәлелдеді.

Сайыс қорытындысы бойынша III орын – Gastroбайтеры тобы, II орын – NurBabyStar тобы, I орын – Одушницы тобы иеленді. Іс-шараға қатысқан барлық командаларға белсенділіктері үшін алғыс білдіреміз және жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT