Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Жұмысшы мамандықтар — ел дамуының негізі

Еліміздің өндіріс, құрылыс, көлік, ауыл шаруашылығы және қызмет көрсету салаларының үздіксіз дамуын қамтамасыз ететін негізгі күш ретінде саналатын жұмысшы мамандық иелерінің маңызы ерекше.

Қол еңбегі мен кәсіби дағдыны талап ететін бұл мамандықтарсыз елдің экономикалық тұрақтылығы мен күнделікті өмірді елестету қиын.
Бүгінгі таңда техниканың дамуына байланысты жаңа құрал-жабдықтармен жұмыс істей алатын, білікті мамандар ауадай қажет. Көп жағдайда бұл кәсіптерді қысқа мерзімді колледждер мен кәсіптік оқу орындарында меңгеруге болады. Ал тәжірибе жинақтаған мамандар жоғары жалақы алып, өз кәсібін ашуға да мүмкіндік алады.
Жұмысшы мамандықтарының тағы бір артықшылығы — тұрақтылығы. Сонымен қатар, адал еңбек пен шеберлік арқылы қоғамда сый-құрметке ие болу — осы мамандық иелеріне тән қасиет. Өсіп келе жатқан жастарымыз бұл кәсіптерді таңдаудан қорықпай, өз болашағын нақты еңбекпен байланыстыра алса, қоғам да, экономика да ұтады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT