Атырау қаласында 2009-2010 жылы туған жасөспірімдер арасында волейболдан облыстық ХІІІ жазғы гимназияда ойындары өтті.
Оған облыстың аудандары мен Атырау қаласынан барлығы 9 команда қатысты. Бұл сында аудан намысын қорғаған «Ұлан» балалар мен жасөспірімдердің дене шынықтыру даярлығы клубының шәкірттері топтық кезеңде Исатай, Құрманғазы, Махамбет аудандары командаларын ұтса, жартылай финалда индерлік волейболшылардан айласын асырды. Ақтық сында атыраулық командамен кездескен жерлестер оларды 2:1 есебімен жеңіп, бірінші орынға ие болды. Бұл ретте, жас волейболшыларды аталмыш сынға дайындаған Марлен Қуанаев пен Райымбек Омардың қосқан үлестері зор. Ендеше, облыстық бәсекеде оза шауып, жүлде алған жас өрендердің жеңісі өзге де спорт түрлеріне жұғысты болса игі дейсің.
Дулат БЕРІКҰЛЫ



