Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Жандос Қиянов «Үздік жаттықтырушы» атанды

Ел астанасында жыл сайынғы салтанатты дәстүр мәресіне жетті. Altyn Samǵaý-2021 Ұлттық спорттық жүлдесінде Паралимпиадалық спорт түрлеріндегі үздік спортшы мен үздік жаттықтырушы анықталды.

«Паралимпиадалық спорт түрлеріндегі үздік жаттықтырушы» атағына парадзюдодан Қазақстан командасының бас бапкері Жандос Қиянов лайық деп танылды. Оның үш шәкірті – Әнуар Сариев, Дәулет Теміржан және Зарина Байбатина Токиодағы Паралимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алған.

"Баршаңызды Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен құттықтаймын. Бұл жүлдені иеленгенім үшін өте қуаныштымын. Қазақстандық спортшыларға табыс тілеймін", - деді Қиянов.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521