Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Шайбалы хоккейден Қазақстан ерлер құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық хоккейшілер Харбинде (Қытай) өтіп жатқан 2025 жылғы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды.

Финалдық матчта біздің хоккейшілер Жапониямен кездесіп, 5:0 есебімен сенімді түрде жеңіске жетті. Үшінші орынды Оңтүстік Корея иеленді.

Айта кетейік, біздің команда бұл Азия ойындарына бесінші рет қатысып отыр.

Сонымен қатар Қазақстан құрамасы Харбинде төрт алтын медаль иеленді. Бұған дейін биатлоншы Владислав Киреев, шорт-тректен Қазақстан ерлер құрамасы, Шерзод Хаширбаев пен Роман Иванов (фристайл-акробатика) алтын медальдарға ие болған еді.

Сурет: Нұрғали Жұмағазы, ҚР ҰОК баспасөз қызметі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT