banner_damu

Атыраулық паралимпиада спортшылары республикалық турнирден жүлдемен оралды

"Жарқынай" Атырау қоғамдық қоры жаттықтырған спортшылар ​ паралимииада ойындары бағдарламасы бойынша боччадан өткен республикалық ашық турнирге қатысты - деп хабарлайды Атырау облысының өңірлік коммуникациялар қызметі.

Паралимпиада бағдарламасына жаңадан енген спорттың бұл түрі бойынша турнирге 100-ге жуық спортшы бақ сынады.

Нәтижесінде, арнайы жабдықпен ойнаған Жанерке Кенжебек жүлделі 2 орынды, ал арбаға таңылғандар арасынан Аят Мамай мен Еркебұлан Кенжеғалиев 2-ші орын алды. Нұрасыл Жігер 3 ші орын иемденді.

- Қор жанынан ашылған бочча үйірмесінен 12-15 жас аралығындағы 6 спортшыны дайындап апардық. Оның төртеуі жүлделі 2-ші және 3-ші орындармен оралды. Бұл үйірме Атырауда алғаш рет қазан айында ғана ашылды. Аз уақыттың ішінде балаларымыз жаттығып, жақсы нәтиже көрсетті.​ Бочча спорты мүмкіндігі шектеулі адамдардың қимыл-қозғалысының бірқалыпты дамуына мүмкіндік береді, талпындырады. Сондықтан, тірек-қимылы зақымданған жандарға бұл пайдалы спорт - деді, жаттықтырушы Зоя Нұрымғалиева.

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Сұрақ Жауап

Вакцинаға көзқарасыңыз қалай?

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика