Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Сұңғат – қола жүлдегер

Таяуда Орал қаласында дзюдодан ерлер мен әйелдер арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өз жалауын желбіретті.

Жылдың ең басты додасына еліміздің барлық өңірінен 400-ден аса татами шеберлері қатысып, төрт күн бойы жарыс көрігін қыздырды. Байрақты бәсекеде 90 келі салмақта облыс намысын қорғаған жерлесіміз Сұңғат Закарияев үздік үшіктен көрінді.

Жарысты екінші айналымнан бастаған ол алғашқы белдесулерде Алматы, Түркістан облыстарының балуандарын ұтқанымен жартылай финалда шымкенттік қарсыласына есе жіберді. Ал, жұбаныш белдесуде жамбылдық Азат Рысбекті жеңсе, қола жүлде үшін тартыста атыраулық командаласы Серікболсын Шыңтастан айласын асырып кетті. Осылайша, ел біріншілігінде үздік үштіктен көрінген Сұңғат енді Қазақстан құрамасына алынып, халықаралық жарыстарда ел намысын қорғайтын болады.

 

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521