Әлеуметтік желіде Исатай ауданы Жанбай ауылдық округінің тұрғындары ауыз судың сапасы жайлы жазба жариялады.
Оның себебін анықтау мақсатында Өңірлік коммуникациялар қызметі жауапты мамандарға хабарласып, келесідей мәлімет алды. Қазіргі уақытта ауыз судың сапасы қайта қалпына келтірілді. Бұл туралы «Атырау облысы Су Арнасы» КМК бойынша Исатай аудандық филиалының басшысы Артур Қибашев мәлім етті.
А.Қибашевтің айтуынша, судың ластануының басты себебі, 7 және 9 шілдеде «Қиғаш» БССС-те Ресей Федерациясы тарабынан электр энергиясын жеткізу тоқтап қалуына байланысты. «Қиғаш» БССС сорғы жабдығының толық тоқтауы су айдау технологиялық режимінің бұзылуына және «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысы арқылы берілетін су сапасының нашарлауына әкелді.Қазіргі уақытта «Астрахань-Маңғышлақ» магистральдық суағызғысы бойынша су беру сапасының нормаларына сәйкес су алу технологиялық процесі арқылы іс-шаралар қалпына келтірілді.
- Жанбай ауылдық округі Егемен Қазақстан, Мектеп, И.Тайманұлы Б.Момышұлы көшелері бойынша күні кеше су сапасының төмен
деуіне қатысты тұрғындар тарапынан хабарламалар келе бастады. Осыған байланысты «Атырау облысы Су Арнасы» КМК Исатай ауданы бөлімшесі бойынша шұғыл шаралар алып, су желілерін тазалау жұмыстарын бастады. Қазіргі уақытта тұтынушылар арасында шағым жоқ. Алдағы уақытта су тазарту-тарату орталықтарындағы қазандықтарды тазалау, хлорлау жұмыстары жалғаса береді, - деді А.Қибашев.