Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

МЕДИАТОРЛАР МАДАҚТАЛДЫ

Таяуда, Атырау облыстық сотының төрағасы Мұхтар Парменов өңірлердегі медиаторларды төл  мерекелерімен құттықтау мақсатында  салтанатты жиын өткізді. Оған аудандық соттың төрағалары мен марапатқа ұсынылған медиаторлар бейнеконференц байланыс арқылы онлайын қосылды.

   Шара барысында, барлық аудандағы медиаторлар мен Билер кеңесінің мүшелері медиацияның және сот жүйесінің дамуына қосқан елеулі үлестері үшін облыстық сот төрағасының алғыс хатымен марапатталды. Олардың ішінде, аудандық Билер кеңесінің жетекшісі Құмар Хасанов пен  Миялы ауылдық округінің медиаторы Бағыт Нығымет  те бар. Облыстық сот төрағасының алғыс хатын марапат иелеріне аудандық сот төрағасының міндетін уақытша атқарушы Зульфия Мұқашева табыстады.

            Марапат иелері, өздеріне сенім білдіріп, еңбектерін елеп жатқан облыстық сот төрағасына зор ризашылғын білдіріп, елдегі дау-жанжалды болдырмай, тараптарды татуластыруға бар күш-жігерлерін жұмсайтындығын тілге тиек етті.

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT