Жаңа жылдық безендіруге қанша қаражат бөлінді?

Үш жыл қатарынан мұнай астанасының орталық алаңы 2017 жылдың соңында сатып алынған шыршамен безендірілмек.

Биыл Атырауда шырша Исатай-Махамбет және Д.Нұрпейсова атындағы алаңда, Нұрсая және Балықшы ықшам ауданында, М.Өтемісұлы атындағы академиялық қазақ драма театрымен Құрманғазы мәдениет сарайының алдында орнатылатын болады.

- Қаланың көркін келтіру мақсатында тұрғындар көп шоғырланған жерлерге кіші архитектуралық кескіндер орнатылады. Жалпы, қаланы жаңа жылдық безендіруге жергілікті бюджеттен 18 миллион теңге бөлінді, - деп хабарлады Атырау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Сонымен қатар, биыл жергілікті билік жаңа жылдық шыршаны сатып алудан бас тартты. Үшінші рет 2017 жылдың соңында алынған жаңа жылдық шырша орталық алаңға орнатылады.

Қала тұрғындары мен қонақтары үшін жаңа жылдық мерекелік шаралар 31 желтоқсанда Исатай-Махамбет алаңында өтеді. Мерекенің басталуы 20.00-ге жоспарланған.

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

ЕЛБАСЫ КІТАПХАНАСЫ

biblioteka-pervogo-prezidenta-kz

Соңғы жаңалықтар

Фотогалерея

Референдум

referendum-banner-1

COVID-19 инфекциясы

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 775 798 46 24     +7(7122) 45-85-21

logo

Меншік иесі: «Атырау-Ақпарат» ЖШС

Газетке Қазақстан Республикасы Ақпарат және 
коммуникациялар министрлігінде тіркелгені жөнінде 2018
жылдың 16 мамырында №17104-Г куәлігі берілген.
Редакцияның мекен-жайы: Миялы ауылы,
Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй.
Байланыс телефоны: 2-17-38, 2-17-64
Электрондық пошта: Этот адрес электронной почты защищён от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.


ZERO.kz

 

Яндекс.Метрика