Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

КІТАП СЫЙЛАҒАН ТҮЛЕК

Халықаралық кітап сыйлау күні қарсаңында кітап сыйлау дәстүрін технология заманында құндылықты жоғалтпайтын ерекше мейірімді іс деп санайтын мектеп түлегі, бүгінде инженер-құрылысшы мамандығы бойынша еңбек етіп жүрген білікті маман Орынбек Серіков пен жеке кәсіпкер, «АО КоЖаН» компаниясында экономист қызметін атқарушы Алтынбек Ахметов мектеп кітапханасына көркем әдеби кітаптар сыйлады.

Бұл азаматтар қазіргі таңда өскелең ұрпаққа үлгі болуды мақсат етіп, «Қаһарман Орда» жобасының мүшесі ретінде белсенді қызмет атқаруда. «Өзіңді дамыта отырып, өзгеге пайдаңды тигіз» деген қағиданы берік ұстанған жас мамандар елге қызмет етуді басты парызы санайды. Білім алған мектебіне құрмет білдіріп, кітапхана қорын толықтыру, оқушылардың қызығушылығы мен дүниетанымдарын арттырып, кітап оқуға деген сүйіспеншіліктерін ояту мақсатын көздеген олар «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына белсене араласып, кітапханаға мотивациялық, қазіргі замана тынысы, ұлттық руханият, адам психикасы мен эмоцияға толы, көшбасшылық, жетістікке жету жөніндегі қызықты, оқушылар сұранысына ие 50 кітапты сыйға тартты. Бұл туған мектебіне деген шынайы жанашырлық пен жас ұрпаққа деген қамқорлықтың айқын көрінісі. Акция аясында болған тартымды шарада Орынбектің сынып жетекшісі Раушан Тыныштыққызы, Кенбай орта мектебі директрының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Әсел Ғимранқызы, кітапхана меңгерушісі Жаннат Қобланқызы қонақтарға алғысын айтып, оқушыларды кітап оқуға шақырды. Кітапхана қоры оқырман жүрегіне өте жақын қызықты кітаптармен толықты.

Гүлім ЗҰЛНАРХАЙ,

Кенбай орта мектебінің 8 сынып оқушысы

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT