Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АЛЬВИНАҒА СӘТТІЛІК ТІЛЕЙМІЗ!

 Жақында жас педагогтердің кәсіби құзыреттілігін, білім беруде және тәрбие қызметіндегі орнын айқындау мақсатында «Дарынды оқушыға – талантты ұстаз» атты байқаудың облыстық кезеңі өтті.

Оған еңбек өтілі бес жылға дейінгі педагог, психолог, тәлімгер қатысып, жас мамандар «Өзін-өзі таныстыру» және идеялары мен жобаларын қорғау бөлімдері бойынша сынға түсті. Нәтижесінде, мұғалімдердің өзін-өзі таныстыруының креативтілігі мен мәдениетін, жас педагогтардың біліктілігі сараланып, Ы.Шөреков атындағы мектеп-гимназиясы химия пәнінің мұғалімі Альвина Молдағали ІІ орынды иеленіп, республикалық кезеңге жолдама алды. Ал Ы. Шөреков атындағы мектеп-гимназиясының психологы Әсет Нұралы мен Сағыз орта мектебінің тәлімгері Әйгерім Іскендірова ІІІ орынға ие болды. Ендеше, облыс намысын қорғайтын жас ұстаз Альвина Молдағалиға сәттілік тілейміз.

Гүлмира МАҚСОТҚЫЗЫ

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT