Президент Жолдауында айтылған «Заң және тәртіп – мемлекетіміздің мызғымас тұғыры» деген сөз – баршамызға бағытталған маңызды үндеу.
Расында да, қоғамның дамуы мен елдің тұрақтылығы ең алдымен тәртіп пен әділдікке сүйенеді. Заң үстемдігі орнаған жерде бейбітшілік пен сенім болады. Бүгінгі таңда әрбір азаматтың құқықтық мәдениетін арттыру – аса өзекті міндет. Қоғамда ұсақ құқық бұзушылыққа көз жұма қарау үлкен проблемаларға әкеледі. Сондықтан құқық қорғау органдарының әділ және ашық жұмысын қамтамасыз етіп, әрбір азаматтың заңға деген құрметін қалыптастыру қажет. Президент атап өткендей, дөрекілік пен озбырлыққа жол бермеу – бәріміздің ортақ жауапкершілігіміз. Егер әр адам өз ісіне адал, өзгеге сыйластықпен қараса, елімізде заң мен тәртіпті сақтау табиғи өмір салтына айналады. Бұл – жаңа, әділетті Қазақстанның басты тірегі.
Базаргүл ӘБДУАЛИЕВА,
аудандық соттың бас маманы


