Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Атырауда 12 мыңдай тұрақты жұмыс орны ашылмақ

Өңірлік жұмыспен қамту картасы аясында биыл облыста 12 мыңдай тұрақты жұмыс орнын ашу жоспарлануда, деп хабарлайды AtyrauPress тілшісі.

Осы жылы Атырау облысында халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қолдау шаралары жүйелі түрде жалғасын табады. Бұл туралы облыстық Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысы Полымбет Хасанов баспасөз брифингінде мәлімдеді. Биыл Өңірлік жұмыспен қамту картасы шеңберінде 20 935 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр, оның 11 700-і — тұрақты. Жұмыспен қамтудың белсенді шараларымен 41 мыңға жуық адамды қамту көзделген. 

– 2026 жылы ваканттық жұмыс орындарына орналастыру, жастар практикасы, «Күміс жас», қоғамдық және әлеуметтік жұмыс орындары, қысқа мерзімді оқыту, кәсіпкерлікке баулу және гранттық қолдау тетіктері кеңейтіледі – деді басқарма басшысы. 

Сонымен қатар 330 азаматқа қайтарымсыз грант, 6 мыңнан астам адамды субсидияланатын жұмыс орындарына, сондай-ақ 15 мың адамды кәсіптік бағдарлаумен қамту жоспарланған. Өңірде 46 бос жұмыс орындары жәрмеңкесін өткізу көзделіп отыр. 

Айта кетейік, өткен жылы мансап орталықтарына 66 мыңнан астам адам жүгініп, 40 мыңға жуық адам әлеуметтік қолдау шараларымен қамтылды. Бұған қоса, әлеуметтік салаға 17,4 млрд теңге бөлініп, қаражат толық игерілді. 

Былтыр атаулы әлеуметтік көмекпен 6 мыңға жуық адам, тұрғын үй көмегімен 217 отбасы қамтылды. Ал мүгедектігі бар азаматтарға арналған әлеуметтік қызметтер порталы арқылы көрсетілген қызметтердің орындалу деңгейі 93 пайызды құрады.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT