Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Заң мен тәртіп» қағидаты аясында 20 мыңға жуық оқушыға құқықтық дәріс өтті

Бүгінгі таңда қоғамның алдында тұрған басты міндеттердің бірі – балалар мен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы қылмыстың өсуіне жол бермеу.

 Бұл мәселе қазіргі таңда көкейтесті мәселелердің біріне айналып отыр. Осыған орай Дінмұхаммед Қонаев атындағы Binom school мектеп-лицейінде оқушылар мен студенттердің қатысуымен кездесу ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында басқа білім беру ұйымдары жиынға онлайн форматта қосылып, барлығы 20 мыңға жуық жасөспірімдерге құқық бұзушылықтың алдын алу, заң талаптарын сақтау және өз құқықтарын қорғаудың маңыздылығы жөнінде түсінік берілді.

Кездесуге Атырау облысы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ерлан Биғамбаев, Жергілікті полиция қызметі басқармасының аға инспекторы полиция полковнигі Орынгүл Кушкалиева, Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Оралбек Хамит, Атырау қалалық мәслихат депутаты Айжан Сарсембаева, Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Лаура Меңдіғалиева және Атырау облысы полиция департаментінің қызметкерлері қатысып, оқушыларға құқық бұзушылықтың себептері мен алдын алу жолдары, өз құқығын білу мен қорғаудың маңызы айтылды.

Сонымен қатар, республикалық «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы кезінде өткен кездесуде интернеттегі алаяқтықтан сақтану, есірткінің зияны мен қауіптілігі, қаруды заңсыз ұстаудың салдары түсіндірілді. Дінді теріс пайдалану мен заңды бұзудың жауапкершілігі де атап өтілді.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT