Мемлекет басшысының Жолдауында агросекторды дамытуға ерекше көңіл бөлінуі біз, ауыл еңбеккерлері үшін үлкен қуаныш әрі үміт сыйлады.
Фермер ретінде ауыл шаруашылығының болашағы заманауи технология мен тиімді қолдау шараларына тікелей байланысты екенін жақсы білемін. Жерді ұқыпты пайдалану, су үнемдеу жүйелерін енгізу, мал шаруашылығын өркендету мен өнімді қайта өңдеу ісін күшейту – біздің күнделікті еңбегімізді жеңілдетіп қана қоймай, табысымызды да еселейді. Әсіресе фермерлерді қаржылай қолдау, арзан несие мен субсидия беру – ауылдағы шаруаның еңсесін көтеретін нақты көмек.
Қамидолла ӘБДІРАХМАНОВ, Зейнеткер