Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Қызылқоғалық оқушыларға 240 планшет беріледі

«Атырау-адалдық алаңы» жобалық кеңсесі республикалық және жергілікті бюджеттен сатып алынған планшет, компьютер, ноутбуктердің бөлінуі, мектептерге жеткізілуіне байланысты қоғамдық бақылау жұмыстарын жүргізуде.

Еліміздегі пандемияға байланысты 2020-2021 оқу жылында оқу процесі екі түрлі форматта ұйымдастырылған болатын. Осы орайда, қашықтықтан оқытуды тиімді ұйымдастыру мақсатында мектептердің теңгеріміндегі компьютерлер аз қамтылған және көп балалы отбасының, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, ерекше білім алуды қажет ететін балаларға үлестірілген еді. «Облыс мектептеріне жаңа компьютерлік техникалармен қамтамасыз етуге республикалық бюджеттен 2 миллиард 866 мың теңге бөлінді.

Ал, облыстық бюджеттен 555 миллион теңге бөлінді. Атырау қаласына 15 697 ноутбук, 1926 компьютер, 2499 планшет жеткізілуде», - деді жобалық кеңсе мамандары.

18 қыркүйектен бастап облысқа 2499 планшет келіп жетіп, оның 500-і қала мектептеріне үлестірілсе, 21 қыркүйек күні Мақат ауданына - 206, Махамбет ауданына - 273, Исатай ауданына - 240 планшет таратылды. Сондай-ақ, 22 қыркүйек Жылыой ауданына - 400, Индер ауданына - 240, Құрманғазы ауданына - 400, Қызылқоға ауданына - 240 планшет жіберілді.

Сонымен қатар, 1926 компьютер мен 15 697 ноутбук қыркүйек айының аяғына дейін оқушыларға беріледі.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521