Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Атырауда түрмеге телефон лақтырған тұрғын 10 күнге қамалды

20 қыркүйекте кешкі жетілер шамасында Атырау қаласының 23 жастағы тұрғыны Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі Департаментіне қарасты УГ-157/9 мекемесінің (ерлер түзету колониясы) дуалынан 4 ұялы телефон мен 4G роутері салынған пакетті лақтырған.

Қарауыл оны байқаған бойда ол өз «Приорасына» мініп кетіп қалыпты. Бірақ көп ұзамай оны ҚАЖД қызметкерлері полициямен бірге ұстады. - УГ-157/9 қызметкерлері колония периметрі бойынша орнатылған «Сергек» камерасына түсіп қалған көлікке бағдар берді, - дейді УГ-157/9 бастығы Думан Тәженов.

- Бір сағаттың ішінде құқық бұзушы Береке ықшам ауданында ұсталды. Оған қатысты ҚР ӘҚБтК-тің 481-бабы (Қылмыстық-атқару жүйесiнің мекемелерiнде, арнаулы мекемелерде ұсталатын адамдарға тыйым салынған заттар, бұйымдар мен нәрселер беру) бойынша хаттама толтырылды. Бұдан басқа, ол жүргізуші куәлігінен айырылған болып шықты, енді ҚР ӘҚБтК-тің 612-бабы 3-тармағы (Көлiк құралын басқару құқығынан айрылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) бойынша да жазаланады. ҚАЖД қызметкерлері «тапсырыс берушілерді» анықтады, колония әкімшілігі оларға тәртіптік жаза қолданды.

Ал телефон лақтырған қала тұрғына 10 күнге әкімшілік қамаққа алынды. Атырау облыстық ҚАЖД баспасөз қызметі ҚАЖД-нің барлық мекемелерінде заң бұзушыларды анықтау мақсатында бақылау камералары орнатылғанын атап өтті.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521