Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тұрмыстық зорлық-зомбылық алдын алғанда ғана азаяды

Еліміздегі әлеуметтік мәселелердің оңтайлы шешілуінде азаматтық қоғам институттарының атқаратын рөлі мен алатын орны маңызды. ​Солардың санатында осыдан бір жыл бұрын облыстық ішкі саясат  басқармасы жанынан құрылған құқықтық-ақпараттық кеңес беру орталығын атауға болар еді.

Бұл құрылымның басты мақсаты — азаматтардың құқықтық сауаттылық деңгейін арттырып, түрлі бағытта заңгерлік кеңестер беру, сөйтіп қоғамда жиі кездесетін тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алып, жолына тосқауыл қою.Осы бағытта үш жыл мерзімге жоспарланған жобаны жүзеге асыруды мемлекеттік-әлеуметтік тапсырыс негізінде «Шаңырақ-2008» қоғамдық бірлестігі міндетіне  алған.

​Аталған қоғамдық бірлестіктің медиаторы Жаннат Асабаева «Атырау жылу-электр орталығы» акционерлік қоғамында болып, кәсіпорынның еңбек ұжымымен кездесіп, жұмысшы жастармен жүздесті. Оларға заңды құқықтары мен құқықтық аспектілерді, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты әкімшілік кодексіне енгізілген өзгерістерд, оның алдын алу шараларын түсіндірді. Соның ішінде «Заң және тәртіп» идиеологемасы аясында «Отбасындағы тұрмыстық зорлық-зомбылықтың салдары» тақырыбындағы әңгіменің түйінін тарқатты. 

Дәулетқали АРУЕВ

Сурет: pricom.kz

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT