Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы жылды Жұмысшы мамандық жылы деп жариялады. Сол жұмысшы мамандықтардың ішінде – дәнекерлеуші ерекше орын алады. От пен темірдің тілін таба білген бұл шеберлер – көпір салып, құрылыс тұрғызып, өндірісті өмірге әкелетін нағыз еңбек майданының сарбаздары.
Былай қарасаң – темір. Тереңінен қарасаң – тіршілік. Әрбір жалғасқан бөлшектің артында бір адамның қолтаңбасы жатыр. Ол – дәнекерлеушінің табандылығы мен төзімінің жемісі.
Дәнекерлеуші болу – батылдық пен біліктілікті талап ететін, нағыз ерлікке пара-пар жұмысшы мамандық. Қоғамның көрінбейтін тірегі де осындай мамандардан тұрады.
Жастарға үндеу:
Қолмен жасалатын істі менсінбе! Жұмысшы болу – елге қызмет етудің үлкен жолы. Бүгінгі таңда кәсіптік білім мен нақты мамандық – табысты болашақтың кепілі.
Б.Булекқалиев,
махамбет ауданы