«Таза Қазақстан» жалпыұлттық бастамасы аясында 21-26 сәуір аралығында елімізде ауқымды іс-шаралар өтеді.
Тақырыптық апта Астанада еріктілердің, белсенділердің, стартаперлердің, ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың қатысуымен «Таза Қазақстан» бастамасын іске асырудың бірінші жылының қорытындыларына арналған республикалық экофестивальден басталады. Шара аясында “Үздік экологиялық білім беру мекемесі”, балалар арасында суға ұқыпты қарау тақырыбында сурет салу, “Жасыл Университет” (экология және орнықты даму саласындағы ғылыми жобалар мен білім беру бағдарламалары үшін), “Үздік экологиялық стартап жоба” республикалық конкурстарының жеңімпаздары марапатталады.