ҚР Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев «Халықаралық жасыл технологиялар және инвестициялық жобалар орталығы» КЕАҚ ұйымдастырған «Қазақстан өнеркәсібіне «жасыл» технологияларды енгізудің болашағы» тақырыбындағы дөңгелек үстел жұмысына қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар экологиялық стартаптардың қазақстандық өнеркәсіптің өндірістік процестеріне интеграциялану перспективаларын талқылап қана қоймай, орнықты шешімдерді масштабтаудың бар кедергілері мен мүмкіндіктерін айқындады, сондай-ақ инновациялық технологияларды дамытудағы ғылымның, бизнестің және мемлекеттің рөлін қарастырды.
Ашық диалог форматында министр QazInnovation қоры өкілдерінің сұрақтарына жауап беріп, сондай-ақ озық климаттық және ресурс үнемдеу жобаларын іске асыратын GCIP-Kazakhstan финалистер командаларымен тікелей сөйлесті.
Толығырақ: https://www.gov.kz/memleket/entities/ecogeo?lang=kk