Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Тамыздан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы болады

Биыл 3 шілдеден бастап халықаралық рейстерге тегін онлайн тіркелуге болады, деп хабарлайды AtyrauPress FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

Бонустық кезең ішінде бір ай бойы халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу тегін түрде жүзеге асырылады. 2023 жылдың 3 тамызынан бастап халықаралық рейстерге әуежайда тіркелу ақылы түрде жүзеге асатын болады. Бұл туралы FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайты жазды.

"Әуежайда тіркеуден өтетін жолаушылар "әуежайда тіркелу" қызметін 50% жеңілдікпен – 5 000 теңгеге алдын ала сатып ала алады. Бұл қызмет брондау кезінде автоматты түрде қосылады, сондықтан бұл қызметті сатып алғыңыз келмесе, «қызметтен бас тарту» батырмасын таңдауға болады. Ал әуежайда ұшып кету алдында тіркелу – 10 000 тенге болады", – деп жазды FlyArystan әуекомпаниясының ресми сайты.

Онлайн тіркелу – тегін, оны FlyArystan мобильді қосымшасы немесе flyarystan.com арқылы жүзеге асыруға болады.

"Халықаралық рейстерге онлайн тіркелу кезінде отырғызу талоны берілмейді, қауіпсіздік мақсатында, қажетті құжаттарды тексеру үшін тіркеу пунктіне келу керек. iJan терминалдары қазіргі уақытта Қазақстан бойынша ішкі рейстерде ғана қолжетімді", – делінген хабарламада.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521