Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

  ТАБЫСҚА БАСТАЙТЫН ЖОЛ

Сурет ашық дереккөзден
Сурет ашық дереккөзден

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдаған Жолдауы ел дамуының жаңа кезеңіне бастайтын маңызды құжат екендігі айқын. Себебі Жолдауда жауапкершілік жүктелген міндеттер мен бастамалар жатыр. Бұл ретте, биылғы Жолдаудың да мәні бөлек, маңызы зор болды.

Жолдауда біраз дүниені қамтыған Мемле­кет басшысы азаматтардың қар­жылық сауаттылығын арттыру мәселесіне де ерекше тоқталып, бұл бағытта жүзеге асырылып жат­қан «Amanat» партиясының «Қарызсыз қоғам» жобасын әрі қарай жалғастыру маңызды екендігін де тілге тиек етті.  Расымен де, партиямыздың бұл жобасы еліміздегі көптеген жанға пайдасы тиіп жатыр. Партиялық жоба аясында күні бүгінге дейін 845 мың адам қаржылық сауатын арттырып, заңгерлік көмек алып үлгерді. Мұндағы басты мақсат – халықтың қарызын азайту ғана емес, азаматтардың табысының тұрақтылығын қамтамасыз ету. Аталған жоба еліміздің түк­пір-түкпірінде халықтың қаржы­лық білімін кеңейтіп, эконо­микалық тұрғыдан өмір сапасын арттыруға жол ашты. Бұл бағыттағы іс-шаралар кешенін «Amanat» партиясы алдағы уақытта да қарқынды түрде жалғастырады.

Жолдауда Президент эко-сана мен суды үнемдеу мәдениетін қалыптастыру жайында да сөз етті. «Таза Қазақстан» жалпы­ұлттық жобасын жүзеге асы­рып, атсалысып жүрген жастарға ерекше алғысын жеткізді. Тұрақты іс-шараға айналған «Таза Қазақстанға» рухтастар­дың қосқан үлесі ерекше. Был­тырдан бері Жастар қанаты экологтер, еріктілермен бірлесе ауқымды жұмыс атқарды. 1 200 шақырымды қамтыған Road-эстафета, әр бейсенбі өтетін тұрақты тазалық акция­лары мен түрлі экологиялық іс-шара қоғам белсенділігін арттырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілікті тереңдетуге зор ықпал етіп жатыр. Бұл баста­малар экологиялық тәр­бие­нің үлгісіне айналып, ел болашағы үшін маңызды мәдени өзгерістерге жол ашады.

 

Альберт АҚҚАЙНАНОВ,

«Amanat» партиясы аудандық филиалының

атқарушы хатшысы

 

 

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT