Сыбайлас жемқорлық – қоғамның дамуын тежейтін, халықтың билікке деген сенімін әлсірететін ең қауіпті әлеуметтік дерттердің бірі.
Бұл құбылыс заң үстемдігіне нұқсан келтіріп қана қоймай, әділеттілік қағидаттарын бұзады. Сондықтан сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес – «Заң және тәртіп» қағидатын орнықтырудың басты шарты. Заң мен тәртіп үстемдік еткен қоғамда әрбір азаматтың құқығы тең қорғалып, мемлекеттік қызмет ашық әрі әділ атқарылады. Сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу үшін ең алдымен заң талаптарын бұлжытпай орындау, жауапкершілікті күшейту және мемлекеттік қызметтің ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Бұл ретте цифрландыру, қоғамдық бақылау және азаматтық белсенділік маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, жемқорлықпен күрес тек құқық қорғау органдарының ғана міндеті емес.
Бұл – бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Әрбір азамат заңды құрметтеп, әділетсіздікке бейжай қарамаса ғана тәртіп орнайды. Адал еңбек пен таза қоғам құндылықтарын дәріптеу арқылы ғана біз заң үстемдігі салтанат құрған, сенімге негізделген мемлекет қалыптастыра аламыз.
Өз тілшіміз



