Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

2026 жылы елімізде қандай өндіріс ошақтары іске қосылады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстанда биыл жалпы сомасы 1,3 трлн теңге болатын 173 индустриялық жоба жүзеге асырылды, бұл шамамен 22 мың тұрақты жұмыс орнын құруға мүмкіндік берді.

Үкіметтің жыл қорытындысына арналған баспасөз мәслихатында Президенттің сайлауалды бағдарламасын орындау жөніндегі ведомство жұмысының қорытындысы жөнінде өнеркәсіп және құрылыс вице-министрі Олжас Сапарбеков баяндады. Оның айтуынша, биылғы жылға 190 жоба жоспарланған, олардың көпшілігі пайдалануға берілді. Ірі жобалар қатарында KIA, Chery, Changan, Haval, Tank брендтерінің жеңіл автокөліктерін, жүк вагондарын, тұрмыстық техниканы, сондай-ақ тамақ өнеркәсібіне арналған алюминий (қалбыр) және қағаз (Pure-Pak) қаптамаларды өндіру жобаларын атап өтуге болады.

 — Бұл жобалардың толық қуаты іске қосылса, өңдеу өнеркәсібінің көлемі жыл сайын қосымша 2,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюы мүмкін. Келер жылы минералды тыңайтқыштар өндіру, HOWO (CKD) және XCMG жүк автокөліктерін шығару, жылу оқшаулағыш материалдар, тоқыма бұйымдары, ДСП және ЛДСП тақтай материалдары, лак-бояу өнімдері мен азық-түлік өндіру сияқты ірі жобаларды іске асыру жоспарланып отыр, — деді Олжас Сапарбеков Конгресс орталықта.

2025 жылдың 11 айында өңдеу секторындағы өндіріс көлемі 5,9%-ға өсіп, 27 трлн теңгеден асқан. Өсім металлургия, машина жасау, химия және құрылыс материалдарын өндіру сынды негізгі секторларда оң динамика көрсетіп отыр. Айта кетейік, Қазақстанда 103 пайдалы қазба мен 10 мың кен орны мемлекеттік есепке алынды. Пайдалы қазбалар қоры 98 тонна алтын, 36 мың тонна мыс, 11 млн тонна марганец және 1,3 млн тоннадан аса фосфорит көлемінде толықты. Сондай-ақ, жер қойнауын пайдалану толық цифрландырылды: 22 мемлекеттік қызмет онлайн көрсетіле бастады

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT