Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

«Самұрық-Қазына» және «ЭксонМобил Қазақстан» әйелдер үшін инклюзивті жобаны іске асырады

«Самұрық-Қазына» АҚ мен «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясы әйелдерге арналған STEM-тренерлерді даярлау бойынша бірлескен бағдарламаны іске қосуда. Жобаның мақсаты – техникалық және ғылыми салаларға тартылған әйелдердің санын арттыру және білікті STEM-оқытушылар мен мамандардың кадрлық резервін қалыптастыру.

Жоба 18 бен 45 жас аралығындағы Атырау облысының 250 әйелін қамтиды деп жоспарлануда. Қатысушыларды іріктеу маусым айында басталады. Жобаға студенттер, балабақша тәрбиешілері, мектеп мұғалімдері және педагогикалық білімі бар, бірақ мамандығы бойынша жұмыс істемейтін әйелдер қатыса алады. Ерекше назар мүгедектігі бар әйелдер мен мүгедек баласы бар аналарға аударылады. Оқыту бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезең – базалық білім алуға мүмкіндік беретін онлайн-курстар. Кейін Жылыой, Құрманғазы, Махамбет, Мақат аудандарында және Атырау қаласында офлайн-тренингтер мен ауқымды хакатондар өткізіледі. Оқыту үдерісін ұйымдастыру, ресурстарды басқару және жобалық командалармен жұмыс істеу салаларындағы тәжірибелі мамандар дәріс береді. Оқыту нәтижесінде үздік шыққан 100 қатысушыға STEM-тренер сертификаттары табысталады. Айта кетейік, бұл бағыт кездейсоқ таңдалған жоқ. STEM-мамандықтар – ең жоғары жалақы төленетін әрі қарқынды дамып келе жатқан салалардың бірі. Бұл білім қатысушылардың кәсіби мүмкіндіктерін кеңейтеді, оларды қоғамдағы техникалық бағыттарды ілгерілететін тәлімгер ретінде қалыптасуына септік етеді. Сонымен қатар, олар алған білімдерін қолдана отырып, гранттық жобаларға қатысып, үйірмелер мен зертханалар ашып, оқушылармен сыныптан тыс жұмыстар жүргізе алады. 52 миллион теңгелік жоба «Самұрық-Қазына» АҚ-ның қайырымдылық саласындағы бірыңғай операторы – «Samruk-Kazyna Trust» қоры мен «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» компаниясының қаржылай қолдауымен жүзеге асырылады. Жоба аясында Астанада «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов пен «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» басқарушы директоры Сесиль Роланмен кездесу өтті.

Сондай-ақ «Samruk-Kazyna Trust» пен «ЭксонМобил Қазақстан Инк.» арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды. Айта кету керек, Қор білім беру жобаларына белсенді түрде инвестиция салып келеді. Олардың қатарында балалар үйінің 100 түлегіне арналған «Samruk Umiti» кәсіби бағдарлау жобасы, Маңғыстау облысының 177 оқушысына берілген білім гранттары, 180 мүгедектігі бар азаматты сұранысқа ие цифрлық мамандықтарға оқыту және басқа да жобалар бар.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT