Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Миялыда іскер аналар бас қосты

Жақында аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қызылқоға» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен әлеуметтік тапсырыс шеңберінде «Іскер ана» шеберлік сағаты өтті.

Оған он ауылдық округтен барлығы 45 қыз-келіншек қатысып, олар тігін ісі, аспаздық, шаш күтімі, бет әрлеу сынды төрт бағыт бойынша шеберлерден дәріс алды. Шеберлік сағатын ашқан аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Азамат Жақсиев осымен екінші жыл қатарынан өтіп жатқан бұл жобаның мақсаты үйдегі аналардың жаңа мамандықтарды меңгеріп, әрі қарай кәсіп ашуына жол көрсету екендігін атап өтті. Содан кейін жоба қатысушылары төрт бағыт бойынша бөлінді.

«Арман» мәдениет үйінде тігін ісі мен бет әрлеу бойынша шеберлік сағаты өтсе, «Ахан» қонақүйінде шаш күтімінен дәріс берілді. Ал, аспаздарға «Серік» отбасылық кафесінде түрлі торттардың жасалу жолдары үйретілді. Шара соңында ұйымдастырушылар барлық қатысушыларға сертификат табыстап, алдағы кәсіптеріне сәттілік тіледі.

Дулат МӘТЖАН

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521