Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Он көлік отқа оранды

Атырау облысы бойынша автокөліктердің отқа орануы тұрғын үй секторындағы өрттерден кейін екінші орын алады.

Ал, аудан бойынша биылғы жылдың он айында 10 мәрте көліктердің өртену оқиғасы тіркелді. Осы орайда, аудандық төтенше жағдайлар бөлімі автокөлік өртінің алдын алу мақсатында айына үш рет жол патрульдік полиция қызметкерлерімен бірге рейдтік іс-шаралар өткізіп жүр. Рейд барысында анықталған кемшіліктер бойынша түсінік жұмыстары жүргізілсе де, кейбір жүргізушілер кемшіліктерді түзетпейді. Көбіне автокөліктегі өрттер қозғалтқыш бөліктің тоқ сымдарының қысқаша тұйықталуынан болады. Сол себепті автокөлік иелері тоқ сымдарына назар аударуы қажет. Сонда ғана қауіптің орын алуға болады. Ол үшін жүргізушілер автокөлікті уақытында техникалық тексеруден өткізіп және техникалық жай-күйін бақылап отыруы қажет. Ал, өрт оқиғасы бола қалған жағдайда өрт сөндіргіш құрал қолжетімді жерде болуы тиіс.

Сондай-ақ, өрт сөндіргіш құрал көлікті басқаруға кедергі келтірмеу керек. Және де өрт сөндіргіште майысқан және ісіну болмауы керек. Кез келген өрт сөндіргіштің жарамдылық мерзімі төрт жылдан аспайды, пломба сақталуы тиіс. Сонымен қатар, өрт сөндіргіштің автокөлікте орналасуына мұқият болған жөн. Егер көлікте өрт, түтін немесе біртүрлі иіс байқалса, көлікті дереу тоқтатып, электр тізбегін сындырыңыз. Барлық жолаушылар дереу көлік құралынан шығып, айналадағы жүргізушілерден көмек сұрауы керек. Осындай әдістер арқылы сіз тек қана көлікті ғана емес, жол қозғалысына қатысушылардың өмірін де сақтайсыз.

Дастан ӘДІЛХАН

аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің инженері, азаматтық қорғау капитаны

Сурет: ашық дереккөзден

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521