Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Үйден оқитындарға қандай көмек беріледі?

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №279 бұйрығына сәйкес, үйден оқитын мүгедек балаларға материалдық қамсыздандыру тағайындалды.

Бұл мемлекеттік қызмет аудандық мәслихаттың 2015 жылғы 18 қарашадағы №ХХХV-2 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсалған шығындарын айқындау тәртібі мен мөлшерін белгілеу туралы» шешімімен рәсімделіп, Атырау облысының Әділет департаментінде 08.12.2015 жылғы №3384 санымен тіркелді. Материалдық көмек 6-16 жасқа дейінгі мүгедек балаларын арнаулы мекемелер мен оқу орындарында оқытуға мүмкіндіктері болмаған жағдайда, оларды үйде оқытатын отбасыларына материалдық қолдау мақсатында төленеді.

Оның мөлшері бір айға 2,4 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) теңеледі және әрбір мүгедек баланы қамтиды. Облыстық білім басқармасы жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның (ПМПКК-ның) баланы үйде оқытудың қажеттілігі туралы шығарылған қорытындысы негізінде тағайындалады. Қажет болған жағдайда анықтау мерзімі осы комиссиямен белгіленеді. Әлеуметтік көмекке үміткер өтініш иесі материалдық көмек тағайындатуға қажетті құжаттарды халыққа қызмет көрсету орталығына тапсыру жолымен және өз өтініштерін «Электронды үкімет порталы» (www.egov.kz сайты) арқылы бере алады. Ол үшін әрбір әлеуметтік көмекке үміткер азаматтарға халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы электронды қолтаңба алу қажет.

Сонымен қатар, аталмыш орталыққа осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш, жеке басын куәландыратын құжаттар мен мүгедек баланың туу туралы куәлігінің, мүгедектігі туралы медициналық-әлеуметтік сараптау комиссиясы анықтамасының көшірмелері (МӘСК), облыстық білім беру басқармасы жанындағы ведомствоаралық психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялық комиссияның мүгедек баланың үйде оқытылуы қажеттігін дәлелдейтін қорытындысы, мүгедек баланың үйде оқу фактсін растайтын оқу орнының анықтамасы тапсырылуы керек.

Бақтыгүл ШЫҢДЫБАЕВА,

аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және

азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің бас маманы

 

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521