Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

Материалдық залал өндіру жөніндегі дау медиация тәртібімен аяқталды

       Қызылқоға аудандық сотында талап қоюшы Ж.К.-ның  жауапкер Е.М.-дан жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы талап қоюы бойынша азаматтық ісі қаралды.  

        Талап қоюшы Ж.К. сотқа жүгінген талап қою арызында,  жауапкер Е.М.-дан  жол-көлік оқиғасы салдарынан келген 2 650 000 теңге материалдық залалды және сот шығындарын өндіруді сұраған.     
       Судьяның жәрдемдесуімен азаматтық істі сот талқылауына дайындау барысында, татуластыру рәсімдерін жүргізу нәтижелері бойынша тараптар, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімге қол жеткізіп, оны бекітіп, іс бойынша іс жүргізуді тоқтатуды сұрады. 
         Бұл тұрғыда, жауапкер талап қоюшының пайдасына жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залал 2 650 000 теңгені ай сайын тиісті көлемде төлеуге міндеттенеді.
         Ал, талап қоюшы  - жауапкерден жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы талап қоюынан бас тартады.  
       Егер, ерікті түрде орындалмаған татуласу келісім, бірінші айдан бастап төленбеген жағдайда келісім жасасқан тұлғаның өтінішхаты бойынша сот берген атқару парағының негізінде мәжбүрлеп орындатуға жатады.
         Сот ұйғарымымен, талап қоюшы Ж.К.  жауапкер Е.М.-дан  жол-көлік оқиғасы салдарынан келтірілген материалдық залалды өндіру туралы азаматтық ісі бойынша тиістім келісім медиция тәртібімен бекітіліп, аталған азаматтық іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.
 
Атырау облысы Қызылқоға аудандық соты

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT