Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АГРАРЛЫҚ САЛА  – БОЛАШАҚТЫҢ КЕПІЛІ

сурет ғаламтордан алынды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауында көтерілген бастамалар – елдің болашағы үшін аса маңызды қадамдар. Әсіресе, ауыл шаруашылығына ерекше назар аударылғаны біз, ардагерлер үшін қуанышты жайт. Өйткені аграрлық сала – халықтың азық-түлік қауіпсіздігінің, экономикалық тұрақтылығының негізгі тірегі.

Кезінде ауыл еңбегін өмірлік мұрат еткен жан ретінде айтарым: мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдау – ауыл еңбеккерлерін ынталандырып, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Жастардың ауылға келіп, жаңа технологияларды игеруіне жағдай жасау – еліміздің болашағы үшін стратегиялық маңызы бар іс.

Бұл Жолдау – ауыл шаруашылығын дамытуға тың серпін беріп, ел ырысы мен бірлігін нығайта түсеріне сеніміміз мол.

Тілек ҚАЛИЕВ, ардагер

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT