Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Құрманғазы ауданында екі медициналық нысан пайдалануға берілді

Медициналық нысандар «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында Азғыр ауылдық округі және Сүйіндік ауылдық округінде салынды. Нысанның ашылу салтанатына облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысы Қайсар Абдалиев пен аудан әкімі Абат Жанғалиев қатысып, жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, медицина қызметкерлерінің жұмысына сәттілік тіледі, деп хабарлайды аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 - Мемлекет басшысы Қ.Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес, ауылдық денсаулық сақтау саласын дамытудың бағдарламасы бекітілді. Соның аясында өңірде бірнеше медициналық нысандардың құрылысы басталды. Биыл соның екеуі Құрманғазы ауданының шет елді мекендерінде ашылып отыр. Бұрын ауыл тұрғындары медициналық көмекке жүгіну керек болса, аудан орталығына не болмаса қалаға барып емделетін. Енді олар тиісті медициналық көмекті өз ауылдарында ала алады. Жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтаймын! Ел игілігіне жарасын!- деді аудан әкімі А.Жанғалиев өз құттықтау сөзінде. Бір қабатты медициналық пункттің жалпы ауданы – 266,35 шаршы метр. Ғимарат егу, материал жинау, перфорациялық зерттеу, дезинфекциялық заттарды дайындау және сақтауға арналған бөлмемен жарақталған. Сонымен қатар дәріхана, техникалық қызметкерлер мен медбикелерге арналған бөлмелер де бар. Аталған нысандардың тапсырыс берушісі - Атырау облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы. Бас мердігер - «Декор» ЖШС.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT