Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 mialy44@mail.ru

Ұстаздар ұлықталды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына жолдауында: «Ұстаздар – ұлттың зияткерлік қуаты. Олар білімді ұрпақ тәрбиелеу арқылы еліміздің өркендеуіне жол ашады.

Үздік оқу бағдарламасы, заманауи мектептер, озық басқару жүйесі болса да, ұстаз білікті болмаса, оның бәрі бекер екені анық», — деп ұстаздардың біліктілігін арттыруға және әлеуметтік мәртебесін көтеруге ерекше көңіл бөлу қажеттігін атап айтты.

Ендеше бұл іс-шара да осынау міндетті алға қойып, университеттің зиялы түлектерімен арадағы байланысты нығайтуға бағытталған. Жиын барсында QyzPU түлектері қызықты оқиғаға толы студенттік өмір туралы естеліктерімен бөлісіп, өткен күндеріне ризашылықпен қарап, университет басшылығы мен оқытушы – профессорлар ұжымына шексіз алғыс білдірді.

— Іс-шараның басты мақсаты – әр кезеңдегі университет түлектері атанған зиялы ұстаздармен кездесу арқылы болашақ ұстаздарды шабыттандыру. Аталмыш іс-шара барысында университеттің дамуына үлес қосып, еңбегі еленген тұлғалар мен бүгінгі күнге дейін ұстаздардың қара шаңырағына айналған оқу орнын көркейту үшін тер төккен түлектердің жетістіктерін атап өту. Сол арқылы университетте білім алып жүрген жастарға ұстаз деген ұлы сөздің маңыздылығын айқындау. Өз саласына деген қызығушылығы мен жауапкершілікті сезіндіру. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің дамуына зор үлес қосқан ұлы ұстаздар мен ғалымдарды еске алып, олардың өмір жолы мен ғылыми-педагогикалық қызметтерін насихаттау.

Сонымен қатар, ұлттық ғылым мен білімнің өткені мен бүгінгі күнін, болашағын талқылау, жас ғалымдар мен зерттеушілердің ғылыми әлеуетін дамыту, — дейді аталған университеттің қыздар көшбасшылығы мен кәсіптік бөлімінің басшысы Гүлзира Мағзомова.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

Aqprint

Байланыс номерi :     +7 702 132 03 32      +77122458521