Қызылқоға аудандық сотында Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен азамат С.О.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.
Сотта анықталғандай, көлікқұралын басқару құқығы жоқ бола тұра, Қаракөл ауылы тұсында мотоцикл көлік құралын алкогольдік масаң күйде басқарған.
Сот отырысында С.О. өзінің әкімшілік құқық бұзушылық жасаған кінәсін мойындап, жүргізуші куәлігі жоқ бола тұра, алкоголь өнімін пайдаланған күйі мотоцикл көлігін басқарғанын, жасаған әрекетіне өкінетінін, өзіне қатысты айыппұл түріндегі әкімшілік жасасын қолдануын сұрады.
ӘҚБтК-нің 608-бабының 6-бөлігімен жүргізушінің көлік құралдарын басқару құқығы жоқ бола тұра, көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқару әрекеттер үшін - жиырма тәулікке әкімшілік қамаққа алу түріндегі әкімшілік жаза көзделген.
Сот қаулысымен С.О. Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 608-бабының 6-бөлігімен кінәлі деп танылып, 20 тәулік мерзімге әкімшілік қамаққа алынды.
Қызылқоға аудандық сотының баспасөз қызметі