Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

ҚР Қылмыстық кодексіне 115-1-бап - «Сталкинг» енгізілді

2025 жылғы 16 шілдеден бастап Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне 115-1-бап - «Сталкинг» енгізілді. Аталған бапта адамды оның келісімінсіз қудалау, қалаусыз байланыс орнату, аңду және жеке өміріне заңсыз араласу үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Жауапкершілік шаралары:

• 200 айлық есептік көрсеткішке (АЕК) дейін айыппұл;

• 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстар;

• 50 тәулікке дейін қамау.

Егер қудалау әрекеттері қорқыту, бопсалау немесе зорлық-зомбылықпен қатар жүрсе, кінәлі тұлғалар Қылмыстық кодекстің өзге де баптары бойынша неғұрлым қатаң жазаға тартылады.

Аталған заңнамалық өзгеріс азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әсіресе әйелдер мен балалардың құқықтарын қорғауға бағытталған.

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT