Атырау обл, Миялы ауылы, Қ.Сәтбаев көшесі, №17 үй. 8 (712) 3821738 Адрес электронной почты защищен от спам-ботов. Для просмотра адреса в браузере должен быть включен Javascript.

АНА МЕН БАЛА ҚҰҚЫҒЫН ҚОРҒАУ КҮШЕЙТІЛЕДІ

 Конституция жобасы жарты жылға жуық азаматтардан, қоғамдық ұйымдардан, заңгерлер мен сарапшылар қауымдастығынан келіп түскен ұсыныстарға, Конституциялық реформа жөніндегі комиссия мүшелерінің пікірлеріне сүйене отырып әзірленді.

Жаңа жобада дін мен мемлекеттің бөліну қағидаты нақтыланып, білім беру жүйесінің зайырлы сипаты бекітілді. Бұдан бөлек әйелдер мен балалардың құқығын қорғау мәселесіне де айрықша мән берілген. Бұл ретте отбасы мен бала құқығын қорғау нормалары сақталып қана қоймай, айтарлықтай күшейтілген. Сондай-ақ неке институтын нығайтуға, ата-аналардың жауапкершілігін арттыруға және баланың құқығын қамтамасыз етуге бағытталған жаңа ережелер енгізіліп отыр. Сондықтан бұл нормалар мемлекеттік саясаттың негізіне айналып, бала құқықтарын қорғау саласындағы күнделікті жұмысымызға арқау болары анық. Ана мен бала құқығын қорғау мәселесінде шешім қабылдағанда немесе ұстанымымызды қорғағанда Конституция қағидаттарына сүйенетін боламыз.

Ақмарал ҚҰСАНОВА,

аудандық отбасын қолдау орталығының директоры

ФОТОГАЛЕРЕЯ

Соңғы жаңалықтар

Біріңғай мемлекеттік байланыс

AQPARATPRINT