Мәжіліс депутаты Ермұрат Бапи Парламенттің кезекті отырысында жаңа Конституцияның жобасын қолдау қажет деп мәлімдеме жасады.
«Қазақстан қоғамы қазір елде салауатты диалог жүргізуге дайын екенін көрсете білуі керек. Біз сол кезде ортақ мәміле таба аламыз. Екі жақта текетіресте тұрып, ерегеспен ештеңе шеше алмаймыз... Азаматтық пайыммен, ұсынылып отырған өзгерістерді қабылдау қажет» – дейді ол.



